Bugin

"Бастау бизнеспен" берекелі кәсіп ашты

Ауыл шаруашылығы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Бастау бизнес» жобасы ауылдағы жұмыссыз тұрғындарға кәсіп бастауға мүмкіндік беріп отыр.

Мәселен, Шымкент қаласына қарасты Мақтаарал ауданында өткен жылдың өзінде 780 азамат жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік грантқа қол жеткізген. Олар «Бастау бизнес» жобасы аясында бір ай бойы білімдерін шыңдап, өз кәсіптерін ашып отыр.

Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мақтаарал аудандық филиалында  өткен жылы Кәсіпкерлік негіздері бойынша  848 азамат, соның ішінде бастау бизнес жобасы аясында 453 азамат білім алған. Олардың бірқатары  бүгінде мал бордақылау алаңдары мен тігін шеберханаларын ашып, өз кәсіптерін өрбітуде.

- Бүгінгі таңда мал бордақылау алаңдары мен тігін шағын цехтерімен және де кішкентай балаларды массаж жасау кабинеттерімен бірқатар шағын кәсіпкерлік саласында  жұмыс жасап жатқан азаматтар бар.Былтыр біздің Бастау-Бизнес жобасының тыңдаушысы Түктібаева Айнұр жеке кәсіпкер болып.Қазіргі таңда өзінің ауданда ондай сала әлі қолға алынған жоқ.Балаларға арналған жұмсақ ойыншықтар шығарып жатыр.Одан бөлек дәстүрлі киімдер тігіп жатыр, - деді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Мақтаарал аудандық филиалының директоры Нұргүл Әбдіразақова.

Бүгінде балаларға арналған жұмсақ ойыншықтар тігумен айналысатын Айнұр Жасұзаққызы өткен жылы «Бастау бизнес» жобасы аясында білім алды.

Мен 2019 жылы «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқып, қайтарымсыз 505 мың теңгелік гранқа ие болып, өз кәсібімді бастадым. Балалар жұмсақ ойыншықтармен ойнағанды жақсы көреді, бірақ ол ойыншықтардың көбі Қытай және Өзбекстан елдерінен әкелінеді екен. Сондықтан мен дәл осы бағытта өзімнің тігін цехімді ашуға бел будым. Қазір кәсібімнің жұмысы жақсы жүріп отыр, - деді жас кәсіпкер Айнұр Жасұзаққызы.

Сондай-ақ, жас кәсіпкер ағымдағы жылы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Мақтаарал аудандық филиалына жеңілдетілген несие алуға өтінім берген. Аталған қаржыға тігін машиналар санын артырып, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтымақ ниеті бар.