Шымкент

Шымкентте ANTIKOR ORTALYǴY ашылды

Жемқорлыққа қарсы күрес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте ANTIKOR ORTALYǴY сервистік орталығы ашылды. Агенттіктің сервистік орталықтарының жұмысы Президенттің халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасына толықтай сәйкес келеді.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, сервис орталығы барлық қажетті талаптарды ескере отырып, ең бастысы ашықтық, қарапайымдылық және кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылған.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында көрсетілетін 160 мемлекеттік қызметтің 88,1% автоматтандырылған. Бұл жемқорлықты азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған құқықтық-әкімшілік және ұйымдастырушылық шараларды іске асыруға мүмкіндік береді.

- Біз күн сайын мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың барынша өзгеріп жатқанын байқап жүрміз. Шенеуніктер өз ойын тәртібін белгілеп, ал азаматтар оған бағынатын жабық процестер барлық әлемде келмеске кетуде. Қазір басымдықтар өзгеруде, енді бюрократияға емес, азаматтардың қажеттіліктеріне ден қойылуда, тұтынушыға бағдарлану алдыңғы орында тұр. Агенттік те өз қызметінде осы қағидатты ұстанады және жемқорлықтың салдарымен күреспей, оның алдын алу үшін азаматтардың шағымдарымен жұмысқа көп көңіл бөледі, – деп атап өтті Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев.

Бұл «ANTIKOR ORTALYǴY» республика бойынша үлкен орталықтардың бірі. Ол қандай да бір кедергісіз, оның ішінде қабырғалары жоқ, барлық бөлмелер шыны кабинеттерге ауыстырылған «Open space» форматында салынған және бұл тиімді өзара іс-қимыл үшін жасалған.