Шымкент
Бейімдеу
Шымкентте жазасын өтеп отырған 100-ден аса сотталушы арнаулы білімдерін растайтын дипломдарын алды.
Енді 167/3 түзету мекемесіндегі жүздеген сотталған азамат бостандыққа шыққан соң мамандықтары бойынша жұмысқа орналаса алады.
Осыдан 2 жыл бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бабы бойынша 6 жылға сотталған Бағлан Балабеков те арнаулы техникалық білімін растайтын дипломның иесі атанды.
- Мен колледжде тігінші мамандығын меңгердім. Әрине, бұл мамандық оңай емес. Майда әрі күрделі жұмыс. Бірақ еңбекқорлығым арқылы бұл тігінді де үйреніп алдым. Енді осы түзеу мекемесіндегі өндіріс орнына жұмысқа тұрып, жалақы алсам деймін. Болашақта бостандыққа шыққанда да арнайы тігін цехын ашып, кәсіп бастау жоспарымда бар, - дейді жазасын өтеуші Бағлан Балабеков.
Биылғы оқу жылында Түркістан индустриалды құрылыс колледжін тәмамдағаны туралы құжат ИЧ 167/3 түзету мекемесіндегі 124 жазасын өтеушіге берілді. Олар мұнда тігінші, жиһаз анықтаушы, құрылыс шебері сияқты өздері осында таңдап түскен 6 техникалық мамандықты тәмамдап шықты. Сотталғандар осы арнаулы орта білімді 10 ай бойы күніне 6 сағаттан оқып, меңгерген. Енді алған білімі бойынша жұмысқа орналаспақ.