Шымкент

Шымкенттің қала ішілік жолдары жөнделуде

Құрылыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл Шымкент қаласының жолдарын жөндеуге 27 миллиард теңге қаржы бөлінді.

Жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігер компаниялар күз мезгіліне дейін қаланың 414 шақырым жолдары жөндеуден толықтай өтіп қоятынын айтып отыр.

Шымкенттегі қалашілік жолдар соңғы рет 2008 жылы жөнделген. Сондықтан жергілікті билік биыл 27 миллиард теңгеге 414 шақырым жолды жөндетіп жатыр. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрхановт биыл шаһардағы техникалық жағдайы жақсы жолдардың үлесін 60 пайызға жеткізу жоспарланғанын айтты.

– Шымкент қаласы бойынша 414 шақырым жолда құрылыс орташа жөндеу, күрделі жөндеумен қамтылған. Биыл 313 шақырымын пайдалануға береміз. Оның ішінде 75 шақырымы біздің осындай магистарльды көшелерде. Жалпы 21 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді басқарма басшысы орынбасары.

Қазір құрылыс басында 45 мердігер компания тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Барлығы 245 көшедегі қалаішілік жолдар күзге дейін толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Бірнеше көпір жаңартылып, орталық магистральды жол бойында веложолақ салынып, маңайы жарықтандырылмақ.