Шымкент

Шымкентте ауаның жай-күйін көрсететін LED экрандар қойылады

Атмосфералық ауа

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте атмосфералық ауаның жай-күйін көрсететін LED экрандарды орнату үшін қала аумағынан жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласы Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев Шымкент қаласы бойынша атмосфералық ауаның жай-күйі жөнінде халықты хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, 2 дана LED экранды орнату үшін қала аумағынан жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.