Шымкент

Шымкенттегі дендросаябақ жаңа келбетке ие болмақ

Абаттандыру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде екі дендросаябағы бар. Олар Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.  Шымкент қаласындағы дендросаябақ - ең алғашқы саябақ. Ол 1979 жылы орталық қоқыс үйіндісінен тұрғызылған болатын.

-  Бүгінге дейін «Дендросаябағының» жағдайы мүшкіл болған. Саябақта 1979 жылы 560 ағаш түрі болса, бұл күнде 200-дей ғана ағаш-бұта түрі қалған. Яғни, «Қызыл кітапқа» енген ағаш түрлері де бар. Осы олқылықтардың орнын толтырып, бүгінгі таңда ағаш түрін 350-ге жеткіздік. Алдағы екі жылдың ішінде бұл көрсеткішті 560-қа жеткіземіз, – деді басқарма басшысы Шымкент қаласы Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев.

Одан бөлек, биыл саябақта  веложол төселіп, 673 жарық беруші қойылады. Басқарма басшысы бұл жұыстар жыл соңына дейін аяқталады деп сендірді. Сондай-ақ,  тозығы жеткен суғару жүйесіне қаржы бөлініп, суғару жүйелері толық жаңартылмақ.