Денсаулық

Дәрігер: Халқымыздың тіс дәрігеріне қаралу мәдениеті өсті

Азат елдің дәрігері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Медицинада кадр көптік артық етпейді Армансыз адам - қанатсыз құспен бірдей. "Ер жеткенде дәрігер боламын" деген бала Эльдардың арманы орындалды. 

Бүгінгі таңда ол Шымкент қаласының білдей бір тіс дәрігері болып отыр. Шымкент шаһардың тумасы Эльдар Ермекбаев кәсіби оқу жолын 2007-2011 Шымкент медициналық колледжінен бастаған. Өңірдің танымал тіс дәрігері Кулиев Айбек Айтамовичтің шәкірті атанып, үздік маманның қолынан тәжірибеден өткен. 

- Амансыз ба, Эльдар мырза! Дәрігерлік жолыңыз жайлы айтып берсеңіз...

- Жақсы дәрігер атану оңай емес, ал нағыз дәрігер атану, тіптен қиын. Ешқандай жұмыстың оңайы жоқ. Әрбір істің өз қызығымен қатар қиындығы бар. 

- Сіздің уақытыңызда оқу бағдарламасы қандай еді? 

- Мен колледждің қазақ тілді бөлімінде оқыдым. Бағдарлама бойынша оқытылатын материалдардың дерлігі орыс тілді авторлардың кітабы еді. Соларды қазақшаға аударып, бір жағынан орыс тілінен сауатымызды, екінші жағынан кәсіби біліктілігімізді арттырдық. Группада 30 шақты студент оқыдық. Қуантарлық жағдай, группаластарымның 99 пайызы алған білімі бойынша жұмыс жасауда. 

- Халқымыздың тіс дәрігеріне қаралу мәдениеті бұрынғыдан өзгерді ме? 

- Әлбетте, адамдардың дәрігерге қаралу мәдениеті айтарлықтай өсті. Көбіміз ауырған тісімізді жеке меншік емханаларға емдеткенді жөн көреміз. Әрине, әркім өз қалтасына, жағдайына қарай көсіледі. Мемлекеттік және жеке меншік ауруханалардағы айырмашылықтарды атап берсеңіз. Шынтуайтына келгенде, облыстық ауруханалар мен жеке емханалардағы дәрігерлердің ауруларды емдеу тәсілдері екі түрлі деп айта алмаймын. Тек дызылдап ауырып тұрған тісіңізді, жаныңызды қинамай, жекеменшік емханаларға барып қаратсаңыз, ауруыңыз ұзаққа созылмас. Мемлекеттік болған соң, ондағы тегін емделуге жазылған адамдар саны өте көп. Қазіргі уақытта стоматология табысты бизнестердің біріне айналғаны барлығымызға белгілі. 11 жылдық тәжірибеме сүйене келе, халқымыздың тіс дәрігеріне қаралу мәдениеті жоғарылағанын анық айта аламын. Тісі енді жарып шыққан баладан, еңкейген қарияның дәрігер үстелінен табылуда. Жалпы медицина мамандықтарының ішінде адамдарға ерекше сенімділік пен әдемі күлкі сыйлайтын сала - тіс емдеу ордасы. Тіс күтіміне аса назар аудару қажет. Соңғы медициналық ғылыми жаңалықтардың адам дертін күннен күнге оңай әрі еш жағымсыз сезімдер арқылы емдеуге мүмкіндік беруде. Әлеуметтік жағдайыңызға байланысты түрлі қолжетімді бағадағы жасанды тістер мен винирді қоя аласыздар. Әлемде жайлаған жаман індеттің кесірі емхана мен оның емделушілеріне тимей қоймады. Арнайы бекітілген талаптарға сай жұмысын жасаған мекеменің дәрігерлері келушілермен түсіндіру сабақтарын жүргізіп, орын алған жайтқа бей-жай қарамауын өтінудеміз. Емханаға бет-пердесіз кірмеуді қатаң қадағалап, бар емделушінің температурасын өлшеп, қолдарын дезинфекцияламайынша кіргізбейміз. Көп түкірсе көл демекші, вирустың таралуына жол бермесек, бұл нәрседен де тез құтыламыз. 

- Үкімет жеке медициналық орталықтардың дамуына қол созып жатыр ма? Шетелден алдыртатын тауарларыңыздың кеденнен өтуде қиындықтарға тап болмай ма? 

- Жалпы елімізде, соның ішінде Шымкентте мемлекеттік стоматологиялық ауруханалар саусақпен санарлық. Бұш жеке меншік бизнестің дамуына жол ашуда. Мемлекет тарапынан медициналық мекемелер арнайы дәрі-дәрмекпен толықтай қамтамасыз етілуде. Әйтсе де, Қазақстан импортты ел болғандықтан, техникалық құрылғыларымызды шетелден алдыртамыз. Алматы қаласындағы бас тіс дәрігерлік орындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз. Көбінесе, Қытай, Германия, Жапонияның техникасымен жұмыс істеген тиімді әрі сенімдірек. Билік өкілдері сырттан келген тауарыңызға арнайы сенім сертификатты ұсынсаңыз, ешқандай да артық сөзсіз шекараға кіргізе береді. Жер жаһанның үрейін туғызған коронавирус дәрігерлер мен қарапайым адамдарды жақындастырды. Ақ халатты абзал жандардың ел алдындағы дәрежесі көтеріліп, мәртебесі артты. Еліміз Тәуелсіздік алғалы көптеген халықаралық ұйымдарға тіркеліп, белсенді жұмыстар атқаруда. 

- Сіздер қандай медициналық ұйымдарда барсыздар? 

- Цифрланған ғасырда білікті маманның бас қосатын ордасы - стоматологиялық ұйымдар. 2016 жылы Бірыңғай Қазақстан Стоматологтар ұйымы Дүниежүзілік стоматологтар Федерациясының құрамына кірген болатын. Онда дәрігерлер арасындағы кәсіби біліктілікті арттыру сабақтары, халықаралық семинарлар, т. б шаралар өтеді. Дәрігер атану оңай дүние емес, күндіз-түні көз майыңды таусып, адам табиғатын терең түсіне білу әркімнің қолынан келе беретін шаруа емес. Осы орайда, бүкіл науқасқа мейірімділік таныта отырып, жұмысыңды талапқа сай ешбір артық эмоциясыз орындауың дакерек. Тіс емдеу саласындағы кезекті әлемдік жаңалықтармен бөліссеңіз. Заман дами келе ауруды емдеу тәсілдері де жаңалануда. Алғашқы тіс емдеу тәжірибесі осыдан 8-9 мың жыл бұрын жасалған. Бағзының адамдары жарық айға аузын ашып бірнеше сағат қарап тұрса, ауруы жеңілдейді дегенге де сенген. 

Б.з. І ғ. Рим дәрігері Плиний науқастарының құлағына қарғаның көңі мен майды араластырып қойғанды жөн көрген. Бұл заманда уколды ауыртпай салыңыздаршы дейтін де емделушілер болады. Емделу деңгейі жоғарылаған сайын, оның кері әсері де әлсіз болады. Осы уақытқа дейін, науқас отаны сезбей, наркоз арқылы жанын тынышталдыра алатынбыз. Осы үдерістің шыңы болып, “седация” - ұйқы кезінде тіс емдеу тәсілі пайда болды. Әзірше халықтың оған деген сұранысы көп емес, сондықтан бағасы да шарықтап тұр. Севоран атты газды иіскеп, тәтті ұйқыға кеткеніңіз үшін отыз мың теңге төлейсіз. 

- Емдеу үстелінде жатқан емделушіңіздің дерті асқынған немесе дәрігерге қаралу қорқынышын сейілтуге қалай көмектесесіз? 

- Әрбір дәрігердің жүрегінде алдына келген ауру адамды дертінен емдеу жіті назарда тұрады. Ауырып тұрған жеріне баса көңіл бөлдірмес үшін, үстелдегі науқасыма ем барысында барынша қызық әңгіме айтып, басқа нәрсемен аулауға тырысамын. Жас пенен кәрі кісілердің тісін емдеп қана қоймай, әдеттегі тіс дәрігерінен кейінгі жағымсыз сезімді сейілту мақсатында осындай психологиялық тәсілдерді қолданамын. Қазір емхананың бас тіс дәрігер маманымын. Қол астымда сенімді шәкірт, қызметкерлерім бар. Шымкент қаласы тұрғындары мен қонақтарының дертіне шипа тауып, кәсіби кәсібіміз өркендеп келеді. Адамдардың көңілінен шығып, қалауын орындап, алдыңғы қатарлы қызмет көрсетін емханалар тізіміндеміз.