Шымкент

Шымкентте ескі қалашық аумағына гид-экскурсоводтарға арналған тест-тур ұйымдастырылды

Мәдени мұра

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының туризм басқармасының бастамасымен қамалды қалпына келтіру бойынша жобалық тобының қызметкерлерімен бірлесе «Ескі қалашыққа» гид-эксркурсоводтарға арналған тест-тур өткізілді. Тур барысында экскурсоводтар қалашықтың негізгі нысандарымен танысып, алдағы уақытта жеке тәжірибесінде қолданатын ақпараттар алды.


Ескі қалашық «ҚР туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы туристендіру картасының ТОП-50 нысанының тізіміне енгізілген.

Болашақта жоба туристерді тартатын орталыққа айналып, «Тәуелсіздік саябағы», «Ордабасы» алаңы, Қошқар ата өзені секілді жақын орналасқан нысандармен бірлесе тартымды туристік дестинация ретінде қалыптасатын болады. Қазіргі таңда  бұл ескі қалашықтың   құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтеріп, қаланың көркіне айналады деп күтілуде. Туристер толастамайтын Ежелгі Римнің Колизейі секілді танымалдығын арттыру мақсатында біршама шаруалар атқарылуда. Қазіргі таңда салалық басқармамен нысан және жалпы кешен бойынша туристік маршрут әзірленуде.

Естеріңізге сала кетейік, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қалада археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, олар ежелгі және ортағасырлық қаланың даму динамикасын сипаттайтын қызықты мәліметтер берді. Сол арқылы қаланың қалыптасу уақыты да анықталды – б.з. д. 2 ғ., осылайша Шымкентке 2200 жыл.