Экономика
5 шілдеден бастап елордада карантин талаптарын сақтамағандарға 12,4 млн теңге айыппұл салынды
Олардың мәліметінше, қалалық департаменттің аумақтық басқармалары 5 шілдеден бастап жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қатаң шектеулі карантин шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 12 472 220 теңге болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы 50 хаттама жасады. Жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілері Қазақстандағы және Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын сақтамайды. Атап айтқанда, нысандардың жұмыс режимі сақталмайды, маска тақпайды, әлеуметтік қашықтық сақталмайды, қызметі уақытша тоқтатылған объектілер жұмыс істеп тұрған.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының ТКҚСҚБ департаментінің аумақтық басқармаларына аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзуға қатысты 250-ден астам материал келіп түскен. Олар зерделеу және қарау сатысында.