COVID-19

Ғалымдар коронавирус тағы қанша уақытқа жалғасатынын айтты

Ғалымдар болжам жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оңтүстік Кореяда Билл Гейтс қорының демеуімен вирусты бастапқы кезеңде анықтап, жоя алатын жүйені дамыту қолға алынды.

Онлайн конференцияға Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары қатысты. Корея университетінің профессоры Ким Ву Джу жұқпалы ауруларды ертерек анықтауға мүмкіндік беретін жүйені жасау үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. Оның ойынша пандемия тағы 2 жыл жалғасады.

Ким Ву Джудың айтуынша, оның себебі адамдардың коронавирусты алдын алудың негізгі ережелерін сақтамайтындығында. Ал егер "Бір денсаулық" қағидасы сақталса, вирус болмайды.

Сондай-ақ ол адамдардың орманды жойып, жабайы жануарларды жеп, жаңа ауруларды тудырғанын да айтты.

"SARS вирусы Қытайдың оңтүстігінде жабайы мысықтарды тұтынған кезде пайда болды. Батыс Африкада жарқанат ұсталған кезде Эбола вирусы анықталды. Қазіргі коронавирус Уханьдағы жабайы табиғат базарындағы жарқанаттан басталды. Адамзат жабайы жануарларды пайдалану арқылы "Пандора жәшігін" ашты", – дейді Джу.