Алматы

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2020 жылдың 6 айындағы жұмысын қорытындылады

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің алты айлық қорытындысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Антикор орталығы алаңында жобалық кеңселер басшыларының, арнайы мониторинг тобының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат ведомствоның бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындылары туралы, қаланың барлық ірі дәріханаларында медициналық дәрі-дәрмектердің бар-жоғын және бағаны көтермелеуді мониторингілеуді жүзеге асыру туралы баяндама жасады.

Департамент қызметкерлері енгізілген төтенше жағдай кезінде Антикор орталығының базасында ахуалдық орталық құрды, оның жұмысына қаланың белгілі қоғам қайраткерлері, Саида Тауекелова, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова қатысты.

Орталықтың жұмысы тез арада өзінің оң нәтижесін берді. Мониторинг барысында дәрілік препараттардың бағасын көтеру, олардың тапшылығы, дәрі-дәрмектермен жеткіліксіз қамтамасыз ету себептерін анықтау мақсатында қаланың ірі 50 дәріханасы тексерілді.

Ахуалдық орталық департамент қызметкерлерімен бірге келіп түскен гуманитарлық көмекті жедел сүйемелдеуді жүзеге асырады. "Акселератор Добра: izgilik elshisi" республикалық еріктілер қозғалысының волонтерлері гуманитарлық жүктің әрбір дәрілік препаратына "Тегін" деген грифі бар штамптар қояды. Өз кезегінде, Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі еріктілермен бірлесе отырып, аталған жүкті жеткізу бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Мониторинг жүргізу барысында БАҚ талдау жолымен 8,5 миллион дана медициналық маскалардың, қымбат тұратын медициналық препараттар мен ӨЖЖ үшін оттегі баллондарының ірі партиясы анықталды.