COVID-19

Ғалымдар коронавирус жұқтырғанда кімдер 12 есе жиі көз жұматынын айтты

Ғалымдар мәлімдемесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тағы Калифорния университетінің ғалымдары коронавирус жұқтырған адамдардағы қант диабеті өлім қаупін 12 есеге арттыратынын айтты. Бұл туралы "Известия" басылымы хабарлады.

Сарапшылардың айтуына қарағанда, қант диабеті бар адамдар коронавирус жұқтырса өзгелерге қарағанда жиі ауруханаға жатуды қажет етеді. Себебі олардағы дерт ауыр болғандықтан өлім қаупін 12 есеге артады.

Калифорния университетінің профессоры Пракаш Дидванья қант диабеті иммундық жүйені әлсірететінін айтты. Сонымен қатар қан құрамындағы қант деңгейін үнемі тексеріп, дәрігерлерге жүгініп отыру керектігін де ескертті. Профессордың айтуынша, қант диабетімен ауыратындар белсенді әрекет етіп, үнемі ұйқысы қанық болып жүруі керек.

Дәрігерлер қант диабеті коронавирустық инфекцияның ауыр ағымына әкелетін факторлардың арасында екінші орында екенін де ескертеді.