COVID-19

«Қазақстандық дәрігерлерге браво!» - Елена Малышева

Елена Малышева қазақстандық дәрігерлерге қолдау білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің танымал тележүргізушісі, медицина ғылымдарының докторы Елена Малышева коронавируспен күресіп жатқан қазақстандық дәрігерлерді қолдады.

Доктор ATAMEKEN BUSINESS телеарнасына сұқбат беріп еді. Сол эксклюзив сұқбатында Малышева қазақстандық дәрігерлердің жұмысына таңғалғанын жасырмай айтты.

"Мен шын жүректен айтып тұрмын: менің Қазақстаннан оралған мәскеулік дәрігерлер тобындағы достарымның бәрі қазақстандық дәрігерлерге таңғалғанын жасырмады. Олар - батырлар, өз ісіне берілген, нағыз батылдар. Қазақстан, сіздердің дәрігерлеріңізге браво, браво.

Олар денсаулық сақтаудың ескі жүйесі бойынша жұмыс істейді. Бәлкім мен дұрыс білмеуім мүмкін. Бәріміз медицина ескі, жөндеу жұмысы жүрмеген ғимаратта орналасқан посткеңес елденбіз.

Шындықтың беті ашылды. Енді бәрін медицинаның дамуы үшін істеу керек. Біз Қазақстанға жылы көзқараспен, ал дәрігерлерге құрметпен қараймыз", - деді ол.