Саясат

«АҚШ әуе күштері Бейжіңді өртеп жіберуі мүмкін» - сарапшы пікірі

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жаңа «Қырғи-қабақ соғыстың» тұсауын кескен «Коммунистік Қытай және азат әлемнің болашағы» атты үндеуін әлем елдеріне жолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай мен АҚШ арасындағы экономикалық қақтығыс өршіп, саяси қақтығысқа ұласты. АҚШ Хьюстон қаласындағы Қытай елшілерін елден шығарса, Қытай Чэнду қаласындағы АҚШ елшілеріне тура сондай әдіс қолданды.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жаңа «Қырғи-қабақ соғыстың» тұсауын кескен «Коммунистік Қытай және азат әлемнің болашағы» атты үндеуін әлем елдеріне жолдады.

Сарапшылар екі елдің текетіресі әскери қақтығысқа ұласуы екіталай деген ойда. Алайда соғыс бола қалса, АҚШ-тың әскери күші Қытайды бірнеше сағат ішінде талқандай алады дейді мамандар.

Зымыран кешендері және одақтар қауіпсіздігі» институтының маманы Джей Мендостың айтуы бойынша:

«Қытайдың әскер саны көп болғанымен, оның сапасы АҚШ-қа мүлде жетпейді. АҚШ әскери күштері жылдар бойы соғыс жағдайында тәжірибе жинауда, ал әскери қарулары әлемдегі ең озық саналады. АҚШ-тың оңтүстік-шығыс Азияда топтасқан әскери күштері бар, ал Қытайға жақын су айлақтарында авианосецтері мен сүңгуір кемелері жүзіп жүр. Әскери қақтығыс туындаған жағдайда, АҚШ қарулы күштері бірінші зымыранмен Қытайдың әскери базалары, әуежайлары мен өзге де қауіпсіздік нысандарын төпелей атқылауға көшеді. Қытайдың зымыран қорғаныс күштері айтырлықтай мықты емес. Сондықтан шабуылды қайтаруы екіталай. Артынша АҚШ әуе күштері Қытайды бомбалауға көшіп, жау рухын талқандау үшін Бейжіңге күйрете соққы жасап, өртеп жіберуі мүмкін. Ол операцияға Таяу Шығыстағы АҚШ әуе күштері де қатысатын болады. АҚШ Қытайдың ядролық күштерін қолдана алмайтындай соққы жасауға барын салады. Әрине, мұндай жағдайдың болу мүмкіндігі аз. Бірақ әскери қақтығыссыз шешілмейтінін білсе, АҚШ бірінші болып соққы жасайды» деді ол.

sn.kz