Әлем жаңалықтары

Пандемиядағы қажылық: Қайран миллион қажы мен миллиард доллар...

Қажылықтан түскен жыл сайынғы табыс құны 5-6 млрд долларды құрайтын.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қажылық уақыты да басталды. Миллиондаған мұсылманның ислам дініндегі 5 парыздың бірін орындау үшін Мекке қаласына асығатын уақыты бұл. Ал бұл жолғы қажылықтың жайы не болмақ? Назарларыңызға қажылық орнынан фотоларды ұсынамыз.

Пандемияның әсерінен Сауд Арабиясы шет елдерге шекарасын жапқан, сол себепті қажылыққа тек ел азаматтары мен елде тұрақтап қалған шетелдіктер ғана бара алады.

Ислам шариғатына сәйкес, жағдайы келіп тұрған әр мұсылман өмірінде бір рет болса да қажылыққа барып келуі тиіс.

(бас мешітке апарар жолды полиция күзетіп тұр)

Айта кетейік, қажылықтан түскен жыл сайынғы табыс құны 5-6 млрд долларды құрайтын көрінеді.

Ең көп қажылық жасалған жыл 2012-де тіркелген. 3 миллионға жуық мұсылман қажылыққа аттаныпты. Ал биыл 1000-ға жуық мұсылман өз парызын орындамақ.

Меккеге келген қажы ең әуелі 2 апталық карантиннен өтуі тиіс. Қажылықтан қайтар кезде де 2 аптаға оқшауланады.

(қажылар Арафат тауы маңындағы арнайы қалашықта тұрады)

Сауд Арабиясында 270 мыңға жуық адам дерт жұқтырған. 3 мыңға жуығы қайтыс болды. Бұл Таяу Шығыстағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Бұған дейін XIX ғасырда елді жайлаған эпидемияның кесірінен қажылыққа баруға тыйым салынған.