Мектепке жол: Шымкентте 42 мыңнан астам балаға көмек беріледі - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Қолдау

Шымкент қаласында әлеуметтік көмекті қажет ететін 42 368 балаға «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 30 мың теңге көлемінде бір реттік көмек беріледі. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева хабарлады.

Бұл көмекті атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары және айлық күн көріс көрсеткіші төмен отбасылар алады. Ол үшін ата-аналар құжаттарын білім ұйымдарына ұсынуы керек. Ал жетім және жартылай, көп балалы отбасы балаларына мектептердегі қамқоршылықтың шешіміне сәйкес бір реттік көмек белгіленеді.

Басқарма басшысы сонымен қатар қажеттілікті қамту мақсатында 24 955 отбасыға компьютер берілетінін атап өтті.

«Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін жергілікті бюджет есебінен 4 800 компьютер сатып алу жоспарлануда. Нәтижесінде, жалпы компьютер саны 25 мыңды құрап, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын есепке алмағанда қамтуды қажет ететін 24 955 отбасы қамтылатын болады»,-деді Ж.Тәжиева.

Бүгінде қалада әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары – 35 798. Оның ішінде, аз қамтылған отбасы балалары – 28 445, жетім балалар – 685, ерекше білім беруді қажет ететін балалар – 6668.

0 Пікір Кіру