Дәрігер COVID-19 туралы: Коронавирусты қалай тоқтатуға болады? - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Дәрігер коронавирусты қалай тоқтатуға болатынын айтты

АҚШ-тың коронавируспен күрес жөніндегі жұмыс тобының бас сарапшысы, инфекционист дәрігер Энтони Фаучи COVID-19-ды қалай тоқтатуға болатынын айтты. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Маманның айтуынша, коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату үшін адамдар үнемі маска тағып, қолдарын жиі жуып, 2 метр арақашықтықты сақтауы керек. Сондай-ақ дәрігер мейрамхана мен дәмханаға жиі бармау керегін атап өтті.

Энтони Фаучи елдегі COVID-19 вирусының өршуін карантин талабының жеңілдеуімен байланыстырады.

"Егер біз қатаң талапты сақтамасақ, еліміз қиын жағдайда қалуы мүмкін", - дейді инфекционист дәрігер.

Айта кетейік, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 4,39 миллионға жетті. Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 60 мыңға жуық дерегі тіркелді.

tengrinews.kz


0 Пікір Кіру