Спорт

Қазақстандағы ең үздік 10 кәсіпқой боксшының есімі аталды

Еліміздегі ең үздік 10 боксшы анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Boxrec.com сайты қазақстандық үздік кәсіпқой боксшылардың тізімін жариялады.

Соңғы жылдары бұл тізімнің басында үнемі Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келеді. Биыл да GGG көшбасшы атанды. Ол қазір IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы.

Екінші орынды Қанат Ислам иеленсе, үшінші орын Батыр Жүкембаевқа бұйырды. Ал үздік ондықты Руслан Мәдиев аяқтады.

BoxRec рейтингі бойынша 10 үздік кәсіпқой боксшы:

1. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) — 806.0

2. Қанат Ислам (27-0, 21 КО) — 28.66

3. Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) — 27.41

4. Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) — 21.29

5. Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) — 16.14

6. Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) — 14.54

7. Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) — 14.46

8. Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) — 12.87

9. Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) — 10.64

10. Руслан Мәдиев (13-1, 5 КО) — 8.076.