COVID-19

Қайтыс болған дәрігерлерге 2 млн теңге қазір төленбейді

ДСМ Сақтандыру қорына бірде-бірі өтінім жіберілмеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) COVID-19 бен вирустық пневмониядан болған дәрігерлер өлімінің оқиғалары бойынша бірде-бір өтінім жібермеген. Бұл туралы еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты жазды.

Төлемдер туралы ақпарат еңбек министрлігінің сайтында пайда болды.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, МӘСҚ коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырып, COVID-19-ға қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ аурудан қайтыс болған жағдайда олардың туыстарына жедел тәртіппен біржолғы әлеуметтік төлемдер тағайындауға дайын екенін хабарлады.

МӘСҚ мәліметінше, ол үшін Денсаулық сақтау министрлігі қорға тиісті өтінім жіберуі керек.

31 шілде сағат 10.00-дегі жағдай бойынша ДСМ-нен COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда медицина қызметкерлеріне төлем жасауға 123 өтінім келіп түскен. Өңірлер бөлінісінде өтінімдердің ең көп саны Алматы қаласынан (46), Алматы (38) және Солтүстік Қазақстан (10) облыстарынан болған. Дәрігерлерге төленген ақшаның жалпы соммасы екі миллион теңгені құрады.

Алайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жоғарыда аталған аурулардан болған дәрігерлер өлімі бойынша өтінімдер әлі де түспеген.

Бұл төлемақыны алуға құқығы бар медицина қызметкерлерін облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларындағы арнайы комиссиялар анықтайды. Ол үшін ауырып қалған дәрігерлердің хаттамасы тексеріледі. Барлық өтінімдерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жинақтайды.

Еске сала кетейік, коронавирус инфекциясы немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 млн теңге берілу керек. Ал медицина қызметкерлері, COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн. теңге көлемінде төленеді.

kznews.kz