Саясат

Үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті - Тоқаев

Тоқаев үкіметтің карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің карантин шараларын күшейтуге міндетті екенін айтты.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес.

Мемлекет басшысы бүкіл әлемде пандемия өршіп тұрғанын да айтты. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Президенттің айтуына қарағанда, індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр.

3 тамыз таңертеңгі ақпаратқа сәйкес, елімізде тағы 1 069 адамнан коронавирус белгілері анықталған.