COVID-19

Алдағы жарты жылда вакцина болмайды - ДДҰ

ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа аурулар бөлімшесінің басшысы Мария Ван Керхове коронавирус пандемиясы кезінде қайтадан локдаун енгізуге қатысты ойын айтты.

Ол елдер COVID-19 таралуын тоқтату үшін ұлттық шектеулерді қайта енгізбеуі тиіс деген ойда.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұндай тәсілді ұсынып отырған жоқ. Алайда кейбір елдерде вирус тым жылдам таралғандықтан, осындай шараны қолдануға тура келді. Бірақ біз ұлттық шектеулерді қайта енгізуге болмайды деп санаймыз",- деді доктор Мария Ван Керхове The Telegraph-қа берген сұхбатында.

Маман локдаун режимі денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымын жасап үлгеруін көздейтін тәсіл екенін айтты. Бірақ экономика, медицина мен қоғам үшін қатаң карантин салдары ауқымды болып отыр.

"Алдағы жарты жылда вакцина болмайды", - деп мәлімдеді Ван Керкхове.

Локдаун орнына елдер инфекция ошағын анықтап, вирус таралуын тоқтатуға арналған жергілікті стратегия қабылдауы керек екені айтылып отыр.

"Вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандарды анықтау, тест жасау, медицина ұйымдарын тиісті деңгейде жабдықтау, қашықтықты сақтау және маска тағу сынды ұсыныстарды айтқан болатынбыз. Бұл шаралардың бәрі бірге жасалуы тиіс. Сонда нәтиже болады. Осының арқасында індет өршуін тоқтатқан елдерді көріп отырмыз", - деді ұйым өкілі.

Әлемде барлығы 18 миллион адамда коронавирус расталды. АҚШ (4,6 миллион), Бразилия (2,7 миллион) және Үндістан (1,7 миллион). Қазақстан Джон Хопкинс институтының мәліметіне сәйкес, 24-ші орында (92,6 адам жұқтырды, 793 адам қайтыс болды).

Еске сала кетсек, Қазақстан карантин режимін қайта қатаңдатқан елдердің қатарында.

sputniknews.kz