Экономика

Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 212 мың теңгеден асты

Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы өсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жылдың екінші тоқсанында қазақстандықтардың айлық жалақысы 13,7 пайызға артып, 212 мың теңгені құрады. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады. Ал өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 186,5 мың теңгені құраған.

Орташа айлық жалақының ең көбін Атырау мен Маңғыстауда жұмыс істейтіндер – 386,4 және 317,7 мың теңгеден алады. Ал елордада бұл көрсеткіш 282,5 мың теңгені құраса, Алматыда 238,7 мың теңгеге жеткен.

Ал орташа айлық жалақының ең төменгі көрсеткіші Солтүстік Қазақстан облысында – 159,3 мың теңге. Сонымен қатар Жамбыл облысы (162 мың теңге) мен Шымкент қаласы да (164,2 мың теңге) көш соңында.

Ең үлкен орташа жалақы қаржы және сақтандыру салаларында сақталғанымен (386,8 мың теңге), бір жылда мұндағы жалақы 15,6%-ға қысқарған.

Азаттық рухы

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61