COVID-19
Украина коронавирустың таралуын бақылайтын тізім жасады
Адамдардың қай жақтан ұшып келгеніне байланысты оларға әртүрлі ережелер қолданылады.
1 тамыздан бастап "жасыл аймақтан" келген адамдар оқшауланбай және ешбір тест сынақтарын тапсырмай-ақ, Украина аумағына өте алады.
Ал елге "қызыл аймақтан" келгендердің барлығы екі апта оқшаулануда болып немесе 24 сағат ішінде ПТР-тест сынағын тапсыруы керек. Сондай-ақ шекарадан өткенге дейін 48 сағаттан кешіктірмей жасалған тест нәтижесін ұсынуы керек.
Айта кетейік, Украинаның денсаулық сақтау министрлігі апта сайын COVID-19 індетінің жедел таралу белгісі бар елдердің тізімін жаңартып отырады.
"Қызыл" және "жасыл" тізімге бөлу тәртібі қандай?
"Қызыл тізімге" соңғы он төрт күнде 100 мың тұрғынға шаққанда COVID-19 жұқпасының жаңа жағдайлары Украинадағыдан асып түскен мемлекеттер кіреді. Сонымен қатар, соңғы екі апта ішінде жұқтырғандардың саны 30%-ке өскен мемлекеттер де енеді.
Бұған дейін Украина 100 мың тұрғынға шаққанда коронавирусы бар пациенттердің санын ескерген.
Ал 31 шілдедегі жағдай бойынша "жасыл" аймақ елдеріне Швеция, Португалия, Хорватия, Беларусь, Ұлыбритания, Түркия, Словения, Египет және Италия кірді.
"Қызыл аймаққа" Қытай, Венгрия, Грузия, Германия, Чехия, Болгария, Албания, Черногория, Польша, Франция, Ресей және Қазақстан енді.