Саясат

Алексей Цой орынбасарының ұсталуына қатысты түсініктеме берді

Денсаулық министрі орынбасарының әрекетіне пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Цойдың айтуынша, дәл қазіргі уақытта оларда осы іске қатысты нақты ақпарат жоқ. Себебі тергеу шаралары жүріп жатыр. Сонымен қатар министр құзіретті органдардың ол ақпаратты өздері жариялайтынын айтты.

Министрдің айтуынша, оның орынбасары жұмыстан кету туралы арызды өткен аптада берген.

"Әбішев Олжас Амангелдіұлы жұмыстан өз еркімен кету туралы арызды өткен аптада тапсырған. Қазір біз ол мәселені қарастырып жатырмыз. Сондықтан арыз бар, егер шешім қабылданса, онда ол қызметінен босатылатын болады", - деді Цой.

Айта кететін жайт, 2 тамызда экономикалық тергеу қызметі денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұстағалғанын растады. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жарияланбайды.

Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне 2018 жылы тағайындалған болатын. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері саласына жетекшілік етті.