COVID-19

Елімізде коронавирустан 1 058 адам қайтыс болған

Бұл туралы бүгін коронавирус пен пневмония бойынша біріктірілген жаңа есеп тәсілімен статискалық мәліметтерді жариялаған Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде өткен тәуліктегі коронавирус пен пневмония бойынша тіркелген статистикалық мәліметтерді жариялады.

2 тамызда бір тәулік ішінде республикамызда 1 069 расталған коронавирус инфекциясын жұқтырған және 798 ПТР бойынша расталмаған пневмония жағдайлары анықталды.

Бір күнде 34 адам коронавирустан, 21 адам пневмониядан қайтыс болды.

Жалпы Қазақстанда пандемия кезінде КВИ-ден 1 058 кісі өлімі тіркелді.

zakon.kz