Weekend
Египет пирамидаларын өзгепланеталықтар салған - Илон Маск
Алайда оқырмандардың көбі конспирологиялық теорияны қолдау секілді жазылған алғашқы твитке көбірек назар аударды. Оны 86 мыңнан астам адам бөлісті.
Бұған жауап ретінде Мысырдың халықаралық әріптестік жөніндегі министрі Рания аль-Машат Илон Маскқа шақырту жіберді.
«Мен сіздің жұмысыңызды үлкен ынтызарлықпен бақылап отырамын. Сізді және Space X-ті пирамидалардың қалай салынғаны туралы жазбалармен танысуға, сонымен қатар оны тұрғызған адамдардың қабірлерін көруге шақырамын. Біз сізді күтеміз, Маск мырза», - делінген оның твитінде.
Масктың жазбасына мысырлық археолог Захи Хавасс та назар аударып, оның пікірін «галюцинация» деп атады.
Азаттық рухы