Экономика
Қазақстанда тұрғын үй бағасы төмендеген
"Элиталық тұрғын үй нарығында баға төмендегені байқалады, өйткені өте қымбат пәтерлерге деген сұраныс төмен. Менің ойымша, қайталама тұрғын үй (екінші дәрежелі тұрғын үйлер – Sputnik) нарығында баға төмендеуі мүмкін, өйткені онда бәрі сату жылдамдығына байланысты, яғни, егер сіз қымбат бағаға сатқыңыз келсе, онда сіз ұзақ уақыт жүріп қаласыз", — деп түсіндірді Ибрагимова.
Ол карантиннен кейін ипотекаға деген қызығушылықтың артқанын да айтты.
"Маусым айында біз 5 мыңнан астам қарыз бердік. Бұл наурыз, сәуір және мамырдан бастап кейінге қалдырылған сұраныс. Шілде айында да сұраныс аса жоғары болды. Біз сондай-ақ "Бақытты отбасы", "Әскери баспана" бағдарламаларын іске асырып жатырмыз, "5-10-20" өтінімдерін қарауды толықтай тамыз айынан бастаймыз", - деді ол.