Саясат
Челябі облысында құс тұмауының ошағы табылды
Увельский ауданының Песчаное және Табынша көлдерінің жағасынан табылған құстардың (жабайы үйрек және төрт үй қаз) өлексесі зерттелген. Зерттеу нәтижесінде H5N8 үлгісіндегі құс тұмауы вирусы анықталған. Осыған байланысты елді мекендерде құстарды тіркеу жұмыстары жүргізіліпті.
"Облыста құс тұмауының ошағы тіркелді. Осы көлдерге жақын орналасқан қолайсыз елді мекендердің аумағында карантин орнатылды, аймаққа қауіп төндіретін індет ошақтары анықталды. Қолайсыз аймақтарда құс тұмауымен күрес ережелеріне сәйкес шаралар қабылданып жатыр", - делінген хабарламада.
Россельхознадзор басқармасы мен облыстық ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринария басқармасы қауіпті ауру тарамауы үшін барлық шараны қолданып жатыр.