Білім және ғылым

Министр жауап берді: Биыл білім күні қалай өтеді?

Министр білім күніне байланысты сұрақтарға жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Білім күнінің қалай болатыны туралы айтты.

"1 қыркүйек - Білім күнін онлайн режимде өткізуді жоспарладық", - деді Аймағамбетов.  

Жаңа оқу жылына дейін ата-аналар мен балаларға үйде білім алу мәселелері бойынша арнайы сабақтар ұйымдастырылады.

"Ата-аналар мен оқушылар үшін әдістемелік қолдау көрсету өте маңызды. Біз бұны төртінші тоқсанның нәтижесінде көрдік. Сондықтан тамыз айында балаларға және ата-аналарға үйде қалай оқу керек, гигиена негіздері, кибермәдениет, интернет арқылы қалай оқу керек және дене жаттығуларының маңызы туралы бірыңғай сынып сағаттары, сондай-ақ ата-аналар жиналысын өткізуді жоспарлап отырмыз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Айта кетейік, алдын ала болжам бойынша биыл интернет мен теледидар арқылы 2,6 миллион оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың бала және шалғай ауылдарда штаттық режимде 157 мыңнан астам оқушы білім алады.