Экономика

Қанша қазақстандық 21 250 теңге алады?

42 500 теңге алған қазақстандықтар 21 250 теңге де алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2 миллион 158 мың адам 42 500 теңге алды. Бұл деректі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келтірді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"4 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша осы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 миллион 158 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 миллион 142 мың қазақстандыққа аударылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2,4 миллион өтінімнің ішінде:

– 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 609,3 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 347,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 628,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 206,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 миллион 379 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

"Бұл ретте Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алатын 799,6 мың адамға қосымша 0,5 ең төменгі жалақы – 21 250 теңге тағайындалды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тен біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ", - деп қосты ведомстводағылар.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.