COVID-19

Премьер-министр коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты

Мамин коронавирусқа байланысты мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирустың таралу деңгейі төмендеген аймақтарды атады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің айтуынша, бір аптаның ішінде бірқатар облыста вирустың бір адамнан таралу деңгейі 1-ден төмен түсті. Олар: Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан мен Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Алматы қалалары.

Ал инфекцияның репродуктивтік деңгейі 1-ден жоғары өңірлер: Қостанай мен Ақмола облыстары. Бұл өңірлерде жағдай күрделі және аймақ әкімдерді эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге аса назар аударуы қажет.

Үкімет басшысы әлем бойынша 126 мемлекетте коронавирус жұқтырғандардың жаңа өсімі тіркеліп отырғанын да атап өтті.

Мамин пандемияның жаңа толқыны күзде пайда болуы мүмкін екенін де айтты. Сонымен қатар оған дайын болуымыз керек. Оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған іс-шаралар кешенін іске асыру қажет.

Еске сала кетсек, кеше, 3 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті екенін айтты. Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру, деді президент.