Саясат
Білім министрі қашықтан оқыту туралы айтты
"Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, мектептерге техниканы сатып алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Үлкен тапшылық бар. Оны ашық айтуымыз керек", - деді Аймағамбетов.
Бүгінде қолында ешқандай құрылғысы жоқ балалардың өзі аз емес. Олардың саны 185 мың. Әсіресе, көпбалалы, жағдайы төмен және жетім балаларды қажетті техникамен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр.
"Сондықтан 1 қыркүйекке дейін 500 мың компьютер осы балаларға таратылатын болады. Соның бәрін төртінші тоқсандағыдай балаларға мүлікті тапсыру актілерімен таратамыз. 24 мың мұғалімде техника жоқ. Бұл мәселені де мектеп техникасын уақытша беру арқылы шешетін боламыз", - деді ол.
Жаңа оқу жылында телесабақтар арқылы білім беру тәжірибесі де жалғасады. Телесабақтар "Әл-Фараби" мен "Ел арнадан" көрсетіледі.
"Әрбіреуінде, кем дегенде, 9 сағаттан эфир берілді. Оған қоса, телесабақтар интернетке жүктеліп, барлық оқушы үшін тегін және қолжетімді болады", - деп атап өтті Аймағамбетов.