Weekend

Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

Ол мурал туралы не үшін үндемегенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Димаш Құдайберген Алматы көшелерінің бірінде салынған суретіне байланысты пікірін жазды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Ол Алматыда салынған мурал үшін жерлестеріне іштей алғыс айтқанын, алайда алдында аға буын өкілдері тұрғандықтан, ол жайлы жар салып жазуға ұялғанын айтты.

"Алматы қаласында осындай керемет мурал салыныпты. Жерлестердің сыйлығын көргенде жүрегіме жылулық орнап, іштей рақметімді айтқан болатынмын. Алайда Қонаевтай ұлы тұлғаларымыз тұрғанда жас буын өкілі өзінің алып суреті жайлы жар салғаны ұят болар дедім де, үндемедім", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Сондай-ақ ол муралды салған адамдардың еңбегін ерекше бағалады.