Спорт

Үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды

Суық хабар жетті - Қазақстанның күрес федерациясы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үш қазақстандық спортшы жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Қазақстанның күрес федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Еркiн күрес шеберлері - Жақсыбек Карабалаев, Iльяс Жұмай, Жанбота Байбазар Алматы-Тараз тасжолында болған жол апаты салдарынан қайтыс болды.

Кеше, 3 тамыз күні бес еркін күрес балуаны жол апатына түсiп, Жақсыбек Карабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға орнында көз жұмған. Ал Ілияс Жұмай ауыр халде ауруханаға түсті.

"Бүгін Ілияс Жұмай қайтыс болды деген суық хабар жетті. Ал Зауытбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев өмірі үшін күресіп жатыр. Дұғада болайық, - деп жазылған парақшада.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61