Weekend

Ерлан Нұрғалиевтің өлімі мен ақбөкендер мәселесі шетелдік БАҚ-ты да бейжай қалдырмады

Біз қалай танылдық?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ерлан Нұрғалиев 13 қаңтар күні Қызыл кітапқа енген құнды жануарларды қорғаймын деп броконерьлердің қолынан қаза тапқан болатын. Бұл туралы баспасөз жарыса жазып, оған «Халық батыры» атағын беруді де ұсынғандар болды. Иә, ісін адал атқарып, жойылудың аз-ақ алдында тұрған аңды қорғауға күшін салған азаматқа игі атақтың қайсысын берсең де аз! Орын алған оқиға Ұлыбританиядағы атышулыBBCбаспасөз қызметін де елең еткізіпті.

«Әлемде ақбөкендер ең көп мекен ететін жер – Қазақстан. Қазақстанда ақбөкен аулау қылмыстық іс болып есептеледі. ...Оладың саны 1990 жылдары бір миллионға жеткен болатын. Алайда, он жыл өтер-өтпес 20 000-ға дейін азайды. Бүгінде қоршаған ортаны қорғау жобасы және броконерьлікпен күрес қарқынды жүріп жатқандықтан Қазақстанда ақбөкендердің саны 200 000-ға дейін жеткен»,-делінген мақалада. Ақбөкен мүйізі Қытай медицинасында жоғары бағаланатындықтан броконерьлер жанын жалдап, осындай озбыр іске баруға даяр. Кей қорықшылар «жоғарғы топтағы» адамдарды байқамаған сыңай танытуға тура келетінін де айтқан. Ал ең сорақысы – жабайы аңдарды қорғауға күшін салып, басын бәйгеге тігіп ұстаған броконерьлерге берілетін жаза айыппұл ғана. Тіпті, сұраусыз, жазасыз кеткен қаскөйлердің де бар екен. Сондай-ақ автор биліктің қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын қарапайым адамдарды өлтіріп кетпейінше елей бермейтінін жазған. Шетелдік баспасөзді де бейжай қалдырмаған Ерлан Нұрғалиевтің өлімі біраз нәрсенің бетпердесін сыпырған секілді.