Саясат
Қосымша камералар орнайды
Бүгінде қаладағы жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Жол қауіпсіздігі" және "Сергек" сынды ақпараттық жүйелер пайдаланылып жатыр. Олардың санын тағы 362-ге арттыру жоспарланып жатыр. Олар қаладағы жол апаты жиі болатын, жол жүру ережесі жиі бұзылатын орындарда орнатылады. Әкімшілік полиция басқармасы арнайы сараптама жүргізді.
Сондай-ақ Алматы қаласының полиция департаментіндегілер 6 айда бейне-бақылау камераларының көмегімен 3 392 қылмыс ашылғанын атап өтті.