Bugin

Әлем елдерінің таңғы асы

Әр елдің салты басқа

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Әр елдің салты басқа» иә, аталмыш сөздің астарына бір емес бірнеше дүниелерді қарастыруға болады. Тіптен, таңғы астың өзін әр ел өз ұлттық нақышына қарай дайындап, даярлап беретіндігі бар екендігін атап өткізіміз келеді. Ендеше сөз болып отырған дүние әлем халықтарының таңғы астарына тоқталып өтсек. 

Ұлыбритания 

Бұл ел өзіндік ұлттық ұстанымдарын ұстанып,барлық күш-қуат таңғы аста деп біледі. Және күніге таңғы асқа қуырылған жұмыртқадан бастап, бекон,қуырылған көкіністермен бір емес бірнеше асты араластырып ішкенді жөн көреді. Қоса кететін жайт, тәтті ағылшын бәліштерімен сүтсіз шәй ағылшындықтардың дәстүрлі таңғы асының бірегейі. 

 

АҚШ

Бұл мемлекеттің даму қарқыны қандай болса, таңғы асы да осындай демекпіз. АҚШ халқының басым көпшілігі семіздік ауруына ұшырағандықтарында білеміз. Дегенмен, бұл елдің таңғы асқа деген құрметі азаймаған. Таңғы астарын асығып жүрсе де, алып-ұшып бар ынтамен бекон, қуырылған жұмыртқа және аққайын шырыны қосылған арнайы бәліштермен қарсы алатындығын ескергейсіз. 

 

Швеция

Сұлулық пен әдемілікті қатар ұстанған бұл елдің таңғы асы да ерекше демекпіз. Швед халықтары үшін таңғы асқа жеңіл-желпі ас мәзірі көңіл қуантарлық іс демекпіз. Себебі, қуырылған массасы жоғары астардан көрі таңқурай не құлпынай қосылған, сүт тағамдарынан жасалған бәліштер көңіл қуантарлық таңғы астары болып есептелінеді. 

Германия

Неміс халқы үшін дәстүрлі таңғы ас қайнатылған жұмыртқа мен қара нан, не болмаса арнайы ірімшік пен ет тілімдері және қайнатылған қара кофе. 

 

Италия

Италия халқының тәтті нандарын жеп көргісі келетін тек біздер ғана емес шығар деген ниеттеміз. Италия халқы үшін ең тиімді таңғы ас тәтті бәліштер мен тәтті нандар кей жерлерінде таңғы ас ретінде балмұздақтар ұсынылады. 

 

Франция

Француз халқы үшінде таңғы ас италияндықтардікіндей демекпіз. Себебі, француздар таңғы ас үшін арнайы алма не джем қосылған бәліштер пісіріп, тәтті нандармен тамақтанғанды жөн көреді. Онымен қоса, француздар ет не балық өнімін тұтынғанды жөн көреді. 

 

Испания

Испан халқы үшін таңғы ас ретінде қуырылған картоп өнімдері мен қызанақ қосылған тосттерлер ең өнімді таңғы астар қатарына енеді. Бал және жаңғақ қосылған йогурттарды көптеп қолданады. 

 

Греция

Гректер үшін ең танымал таңғы ас ретінде сүт қосылған бәлішпен, сүт қосылған ұнтақ жармаларын айта аламыз. Грек халқы өздерінің дәстүрлі қаймақтарынсыз ас ішпейтіндігін ескерте кеткенді жөн көрдік. 

 

Армения

Армен халықтары үшін тойымды ас ішу дәстүрлі қағиданың бірегейі демекпіз. Дәстүрлі таңғы ас ретінде, жұмыртқа қосылған қызанақ бәліштер ең ұтымды таңғы астардың қатарына демекпіз. Әрбір армен халқының дастарханында арнайы армен ірімшіктерімен лаваш және көкіністер иміндетті түрде табылады. 

 

Куба

Куба халықтары үшін дәстүрлі таңғы ас ретінде майға қуырылған бәліш пен сүт қосылған кофе. 

 

Бразилия

Бразилия халықтары үшін таңғы ас жеңіл әрі дәмді болған маңыздырақ демекпіз. Сондықтан бұл халықтар ірімшік, тәтті нан не жеміс-жидек жегенді жөн көреді. 

 

Қытай

Қытай халықтары үшін таңғы ас ретінде буға пісірілген баоцы нандары мен көкініс қосылған не саңырауқұлақ қосылған күріш тағамдары ең тиімді таңғы ас ретінде есептелінеді. Және шәй мен жаңа сауылған ыстық сүтті жөн көреді. 

 

Жапония

Жапон халықтары үшін таңғы ас ретінде асылған сұйық тамақ не маринатталған көкіністер жегенді жөн көреді. 

 

Үндістан
Үндістан халықтары үшін дәстүрлі таңғы ас ретінде пісірілген ыстық нан мен арнайы дайындалған ботқа жегенді жөн көреді. 
Қай жерде болсын, қай елде өмірдің мәні дәмді тәтті де демекпіз. 
Астарыңыз дәмді болсын!