Саясат
Екі ел арасындағы ынтымақтастық
Тіпті біздің бидайға да зәру. Бүгін елімізге алғашқы рет Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва ресми сапармен келіп, Ақордада әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөз өткізді.
Мнангагва Астананың аязына мықтап дайындалғандай. Зимбабве президенті тоқылған кеудеше киген, тіпті мойнына туы түстес шарф тағып алыпты. Негізі, Зимбабве мен Қазақстанның арасында айтарлықтай экономикалық, не саяси байланыс жоқ. Бұған бірден бір себеп – екі ел арасының алыстығы. Зимбабведен бізге тек темекі өнімдері импортталады. Бұл — қолда бар қазба байлықты пайдалануға қаржы таппай отырған ел. Президенті сол жер қойнауындағы бағалы металлдарды игеруге көмек сұрай келіпті. Яғни, 20 жылдан бері Еуропа мен Америка санкциясынан көз ашпаған Зимбабвенің экономикасы қазір өте мүшкіл. Енді Қазақстан Зимбабвеге бидай, ұн, ет экспорттайтын болды. 76 жастағы Эммерсон Мнангагва Қазақстаннан саяси кеңес те сұрай келген.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Біз 1992 жылы ипломатиялық қарым-қатынасты сіздермен орнаттық. Содан бері мемлекет басшылары деңгейінде алғашқы мәрте кездесіп отырмыз. Бүгінгі келіссөздер түсіністік пен достық жағдайында өтті. Жаңа ғана айтылған келісімдерде екі елдің арасындағы қарым-қатынастар жөнінде үлкен әңгіме жасадық. Халықаралық, мемлекетаралық, басқа да мәселелер жөнінде.
Эммерсон Мнангагва, Зимбабве Республикасының Президенті:
-Зимбабве қазір Қазақстанның 20 жыл бұрынғы жағдайын енді бастан кешіп отыр. Сондықтан біз мұнда келуге мұқтаж болдық. Қазақстан экономикасын 27-28 жылда түзеп алды. Бұған таңғаласың. Зимбабве қазба байлықтарға бай болғанымен, оны иегертін, ақша не технология жоқ. Сіздер қолұшын созатындарыңызды сеземін.
Дереккөз: Жас Қазақ