Саясат
Жанболат Мамай үкіметтен халықтың несиесін кешіруді сұрады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖанболат Мамай көтерген несие амнистиясын қолдаушылар да, қарсы шығушылар да табылып жатыр. Тіпті кейбір кісілер оның сөзін популизм деп атап, «менің салығымның арқасында неге біреудің несиесі кешірілуі керек» дегенді айтуда.
Мемлекет қаржысының дұрыс жұмсалуын қадағалаған жақсы-ақ.
Алайда біз ЭКСПО-2017 көрмесіне 565 миллиард теңге, Азия ойындарына 235 миллиард теңге, Универсиада өткізуге 53 миллион евро жұмсаған елміз.
Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін, керексіз экономикалық форумдар мен халықарылық басқосулар өткізіп жүргенде сұралмаған салық ақшасы неге халықтың, қандасыңның несиесіне келгенде сұралды?
Бұл аз десеңіз, 2008-2016 жылдары банктерді сауықтыруға бөлінген 476 миллиард теңгенің 415 миллиарды ғана бюджетке кері қайтарылған. Ал 2017 жылы банктерді сауықтыруға бөлінген ақша – 653,7 млрд теңге.
Мұның сыртында қаншама шенеунік елімізден жыраққа есебі жоқ ақша әкетті. Мамайдың айтуынша, халықтың несиесін кешіруге шамамен 10 миллиард доллар керек екен.
Төтенше жағдайда есеңгіреп қалған елдің несиесін кешіру-кешірмеуді Ақорда шеше жатар. Біздің айтпағымыз басқа, «Менің есебімнен несие жабылмасын» деп жүргендерге жоғарыдағы естен танатын миллиондарды көрсету.