Шымкент

Шымкентте мобильді бригадалар саны 200-ге жуықтады

Медицина

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасымен емханалары жанынан тәулік бойы жұмыс істейтін 58 мобильді топ құрылған болатын.

Азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, Мұрат Дүйсенбекұлы мобильді бригадалар санын әліде арттыру қажеттігін айтқан болатын. Сол себепті, олардың саны бүгінде 197-ге жетті. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

«Шымкент қаласындағы емханалар жанында бұған дейін 58 мобильді топ жұмыс істеп келген болса, бүгінде оның саны 197 жетті. Олармен 16-мыңға жуық науқасқа үйге арналған станционарлық қызмет көрсетілген. Сонымен бірге 45 мың пациентке мобильді бригада қызметі арқылы үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілді. Атқарылған жұмыстар қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізді. Нақтырақ айтқанда, жедел жәрдем көмегін шақыртушылар саны күніне 38 пайызға азайды»,-деді Т. Варзилов.

Сондай-ақ брифингте салаға жауаптылар станционарларда ем алушы науқастардың саны күрт төмендегенін мәлімдеді. Соңғы он күннің ішінде науқастар саны 2882-ден 1240-қа дейін азайған. Нәтижесінде станционарлардағы төсек орынның жүктемесі 78,7 пайыздан 33 пайызға дейін кеміп отыр.