Шымкент

Шымкентте алты айда 34,2 млрд. теңгенің құрылыс өнімдері өндірілді

Қала экономикасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында құрылыс материалдарын шығаратын 215 ірі, орта және шағын кәсіпорындар бар. Осы жылдың 6 айында олармен 34,2 млрд. теңгенің құрылыс материалдары өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 4,5 пайызға артқан.

Қаланың жалпы өнеркәсібінде өндірілген өнім көлеміндегі құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 13,2%-ды құрады.

Ал құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту мақсатында қалада 2020-2021 жылдар аралығында 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобалардың құны 2,9 млрд.теңгені құрап отыр.

Атап айтқанда, келер жылы үш темірбетон өндірісі мен шыныпластиктер, газоблок, асфальтбетон, жолаяқ тақталарының өндірісі және полипропилен, поливинилхлорид, термоэластопласт бұйымдарының өндірісі, әрлеу материалдары мен құрғақ құрылыс қоспалары сынды жобалар іске қосылады.

Айта кетейңк, қазіргі  Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан құрылыстағы отандық өнімнің  үлесі 98 пайызға жеткен.