Bugin

«Жастар жылын» пайдасы жоқ форумсыз өткізе аламыз ба?

Айтарым бар...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 - жастар жылы. Менің де жастардың өкілі ретінде айтарым бар:

- Базардан ән данасын 25-50 теңгеден сатып алған көк байрақшаларды ұстамаймын;

- "Қазақстан алға!", "Жастар жылы" деген жазуды өзімнен үлкен қағазға жазып тұра алмаймын;

- "Бәрі жастардың қолында", "Жастар біздің келешек" деген құрғақ қасық ауыз жыртатын секілді бос сөзді тыңдай алмаймын;

- Айналдырған 10 шақты жастың жеңісін, елімізден мыңдаған жастар әлемге танылып жатыр деп, біреу жазып берген тексті оқып жатқан баяндамашы ағайды не апайды тыңдай алмаймын;

- "Республикалық жастар форумы" деп микрофонмен айғайлап, таргетинг жасатып көзіме көрсете берсеңіздер де бара алмаймын;

- Баруы барып, сөйлей алмайтын, тыңдасаң құлағың үркетін өтірік әңгімелер жүретін жиындарға да жүгіре алмаймын;

- "Жастар жұмыспен қамтылып жатыр, бәрі керемет" деген фантастикалық шығармаларды да оқи алмаймын.

Неге дейсіз бе: Уақыт жоқ!

Онсыз да өмірімнің 11 жылын, одан кейінгі 4 жылын, одан кейінгі 2 жылын "жастар алға!" деген өтірік ұранмен өткіздім.

"Алға!" деген сөзде серпіліс, жігер бар, бірақ нәтиже мен сапа жоқ.

Есіңізде болсын, "Алға!" деп соғысқандар емес, үндемей отырып айласын асырған ақылдылар ғана жеңіске жеткен.