Weekend

9 облыста дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 9 облысында дабылды ескерту жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жариялады.

6 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды деп болжануда. Күндіз оңтүстік бөлігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында түнде жаңбыр, найзағай ойнайды.

6 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыс желі кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Күндіз оңтүстік бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады деп болжанып отыр. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

6 тамызда күндіз Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік бөлігінде 38 градус қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай қаласында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

6 тамызда күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40 градус аптап ыстық болады. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да күндіз 40 градус ыстық болады деп болжануда.

6 тамызда күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде өрт қаупі жоғары болады.

6-8 тамызда Алматы облысында күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Талдықорғанда 6-8 тамызда күн 35 градусқа дейін ысиды.

6 тамызда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

7-8 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. 6-8 тамызда күндіз басым бөлігінде 39 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 6-8 тамызда  39°С аптап ыстық  болады.

6-7 тамызда Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. 6-7 тамызда күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 6 тамызда күндіз жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 18 м/с. Жезқазған қаласында 6 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, найзағай ойнайды деп болжанып отыр.