Экономика

Мұғалімдердің жалақысы 25%-ға артады - Тоқаев

ҚР Президенті 2021 жылғы қаңтарда мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Асхат Аймағамбетов президентке Білім және ғылым министрлігінің жаңа оқу жылына дайындық және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді. Президент министрге жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін атады. Әсіресе қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министріне ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айында мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61