Weekend

«Қыздың тұрмысқа шығуды басты мақсат еткені дұрыс емес» - Дина Төлепберген

Дина Төлепберген қыздарға кеңес айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген "қыздардың тұрмысқа шығуды басты мақсат еткені дұрыс емес" деген ойда.

Мәселен ол, қазақтың "қыз мұраты - кету" деген сөзін басқаша түсінеді екен.

"Жасым 28-де. "Мына қызды ешкім алмайтын болды". Туыстарымның басты уайымы осы болғандай. Бәлкім олай емес те шығар. Бірақ сол кезде маған бәрі солай көрінген.

28 жасымда тұрмысқа шықтым. 29-ымда тұңғыш ана атандым. Бұл кеш пе? Білмеймін. Менің ойымша, кеш емес. Өмірді көрдім, өзімді сынадым, атым да затым бар болған келін болдым", - деп қыз кезін есіне алды. Сондай-ақ білгені, көкейіне түйгенін желідегі парақшасына жазып қалдырды.

Тележүргізушінің пайымдауынша, қызды "тұрмысқа шық" деп асықтыруға ешкімнің құқығы жоқ.

"Түйгенім: тұрмысқа шығуды басты мақсат еткен дұрыс емес. "Қыз мұраты - кету" дегенді мен басқаша түсінемін. Яғни ата-анаңа масыл болмай, қаржылық тәуелділіктен шығу.

Екіншіден, "сені ешкім алмады ғой" деуі - "дөрекі қате" деп білемін. Бұл - қызды кемсіту. "Өзіңе теңің табылмады ма?" деген сұрақты ғана түсінер едім.

Үшіншіден, ешкімнің асықтыруға құқы жоқ. Өзге адамның өміріне араласпа!

Төртіншіден, күйеуге қатты шыққысы келетін қызды жігіттер сезетін сияқты. Содан қашқақтайды. Сондықтан тойды ойлағанша, өзіңді дамыту жайын ойлаған дұрыс деп білемін. Егер күйеуің ханзада болсын десең, ханшайым болыңыз!", - деп әлі тұрмысқа шықпаған қыздарға ақыл-кеңесін айтты.

sn.kz