COVID-19

Қылмыс үстінде ұсталды: Медицина қызметкері коронавирус анықтамасын сатқан

Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Медицина қызметкері адамның коронавирус инфекциясын жұқтырмағанын растайтын анықтамаларды ақшаға сатқан, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады.

Тергеушілердің айтуынша, медицина қызметкері "Covid-19-ға" теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтамасын бергені үшін 25 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұсталды. Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама жасағанын мойындады. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.