Weekend
Қызық дерек
«Бөрілі байрақты елміз», «бөрі мінез халықпыз», «бөрі текті қазақпыз» деген фразалардан сіздің де құлағыңыз сарсылып, көзіңіз талған болар, оқырман. Өткенмен ғана өмір сүріп, баяғы баянға ғана «қанағаттанып», тоқмейілсіп отыратын кей жұрттың болашақ жайлы сөз еткісі де келмейтіні, әрине, қынжылтады.
Бірақ біздің бүгінгі әңгіме сол қасқырлар турасында болмақ.
Біздің елдің аумағында 13214 (он үш мың екі жүз он төрт) қасқыр бар. Бұл мәліметті «Егемен Қазақстан» газеті жариялаған еді. Ең көп қасқыр Алматы облысына тиесілі. Онда барлығы 3000 (үш мың) қасқыр бар.
Одан кейінгі орында 2060 (екі мың алпыс) бас қасқырмен Атырау облысы тұр.
Ал 3-орынға Қызылорда жайғасқан. Ең аз қасқыр тіркелген аймақ – Ақмола облысы екен. Солтүстік Қазақстан облысында, тіпті, түз тағысы қалмаған. Әлем бойынша 300000-ға (үш жүз мыңға) жуық сұр қасқыр бар. Қазақстан түз тағысы саны бойынша алғашқы орынды иемденген.