Weekend

Қазақстанда демалыс күндері күн суытады

Алдағы күндердегі ауа райына болжам жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде 8-10 тамызда жаңбыр жауып, күн суытады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК орталығы хабарлады.

Олардың айтуынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағынан оңтүстік циклон өтеді, сондықтан елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Күн күркіреп, жауын жауады, солтүстік-батыста кей жерлерде нөсер болуы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Қазақстанда шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Ал республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.