Достым, бұл қандай мақала деп отырған шығарсыз! Қай төңіректе әңгіме боларын ішіңіз сезіп тұр ма? Ондай болмаса, жасыңызды айта кетсеңіз. 20 мен 30 жас аралығындағы кісі боларсыз бәлкім. Жауап беріңізші, сіз үшін ол қандай жылдар немесе қандай болмақ?
20 жас адам баланың тұлға болып қалыптасар шағы. 30 жасқа дейін жасаған әрбір іс-әрекетіңіз болашақтағы өміріңіздің бейнесін айқын көрсете алады. Жастықтың буымен, уақыт деген көп, менің өмірім әлі алда деп өзіңізді пайдалы шаруалардан алыс ұстап жүрген боларсыз. Немесе жалындап тұрған шақта, нағыз білім қуған заманда, өзіңізге керек дүниені тауып, сол бағытта өзіңізбен жұмыс жасаудасыз ба?!
Қазақта ата-анасы баласына көп жағдайда, 18-ге тола салысымен: үлкен өмірге жалғыз өзін жібере салмайды. Тіпті, жасы 40 тан асса да әке-шешесінің қамқорлығында жүргендер де бар. Балаға деген шектен тыс қамқорлық көрсету - оның болашағына кері әсерін береді. Бірі маңызды шешім қабылдай алмай, бірі қаржы жағынан қысылар.
Мектепті тәмамдап, арман қуып үлкен қалаға келген де боларсыз.
Дипломымды ала сала, тәжірибесіз-ақ жұмсақ креслоға отыра қаламыз деп көбіміз ойлаймыз. 4 жылда ешқандай істің басын қайыра білмеген, арманын мақсатқа айналдыра алмаған, қоғамның дамуына септігін тигізе білмеген, тек қана, уақыттың жетегінде, оны қалай өткізсем екен деп жүрсеңіз, мына кеңестерге назар аударыңыз.
1) Қатарыңыздан қалмаңыз - жұрт жасағанды сіз де жасаңыз, әлбетте, өзіңізге, қоғамға пайда әкелсе. Олай болмаса, өз жолыңызды сала біліңіз. Айналаңызды нұрландыра біліңіз.
2) Барлық армандарыңызды қағаз бетіне түсіріңіз, адам сенгісіз арман болса да. Себебі, "мүмкін емес"-тек ақымақтардың айтар сөзі.
3) Ата-анаңызды әрдайым бірінші орынға қойыңыз. Барын сізден аямаған жандарға, әлемдегі ең керемет сезім-мақтанышты сезіндіре біліңіз, жетістікке жете алатыныңызға сендіріңіз.
4) Ой жеткен жерге қол да жетер. Армандаңыз, талпыныңыз және дәлелдеңіз. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруді тоқтатыңыз.
5) Жақсы сөз - жарым ырыс. Әрдайым позитивті ойлай біліңіз.
Сіздегі позитивті ойлар, негативті ойлардан мың есе мықты. Сіз өз ойыңыздың иесісіз.
6) Уақытыңыздың емес, өміріңіздің өтіп бара жатқанын ұғыныңыз. Алда қанша уақытың қалғаны Жаратқанға ғана аян.
7) Айналаңызды мықты жандармен толықтырыңыз. Бір-біріңізден мотивация ала алатын адамдармен араласыңыз.
8) Жеке басының мәселесін күллі әлемге айтып, негативті ойлар әкелетін адамдармен араласуыңызды тоқтатыңыз. Олар өздерін кез келген нәрсенің құрбаны ретінде көрсетеді.
9) Біліміңізді шыңдаңыз. Ел көріңіз, жер көріңіз. Сіз Осы қалада туылып, осы қалада мәңгі тұрақтап қалатындай ағаш емессіз.
10) Өзіңізді сүйіңіз, жоғары бағалаңыз.
Ешкімге өзіңізді кемсітіп, таптауына жол бермеңіз. Барлық адамда мінез болады. Оны дер кезінде көрсетсеңіз, басыңызға ешкім де шыға алмайды.
11) Осы күнге жеткізген Жаратқанға әрдайым шүкіршілік етіңіз. Өз өміріңіздің қадірін біліңіз. Бай болыңыз. Бақуатты адамдар жаман болады дегенге сенбеңіз. Ол руxани дамымаған, еңбектенгісі келмейтін адамдардың әңгімесі.
Осы кеңестерменен бірнеше істің басын қайырып тастауыңызға болады. Өзіңізге
сеніңіз. Сенімді болыңыз. Жаңашыл болыңыз. Ескіні де ұмытпаңыз. Жан - жақты болыңыз. Баянды өмір сүріңіз. Мына бес күндік жалған дүние тамаша дүниелердің куәсі болуға мүмкіндік береді. Соны естен шығармаңыз, бәрі өз қолыңызда. Тағдыр солай жазды деп, құр отыра бермеңіз. Өзгеріңіз. Үйреніңіз.