Шымкент

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

Мемлекеттік қолдау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген.

Бағдарлама Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.   «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторлары:

агро – өнеркәсіп кешені;

кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер*;

жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару;

құрылыс материалдары мен металл емес өзге минералды өнімдер өндіру;

металлургия, металл өңдеу, машина жасау;

өзге өнеркәсіп секторлары (оның ішінде өзге дайын өнімдер шығару; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа сорғызу; су жинау, өңдеу және тарату; канализация жүйесі; қалдықтарды жинау, өңдеу және тазарту, қалдықтарды іске жарату; қалдықтарды жою саласында қайта культивациялау)

көлік және қойма қызметі;

туризм;

ақпарат және байланыс;

кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;

білім;

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;

өнер, көңіл көтеру және демалыс;

қызметтің өзге түрлерін (компьютерлерді, жеке пайдалану заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу жұмысын) ұсыну.